Лицей туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1993 жылы ашылды. Білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензия № 13020587, 30.12.2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаментімен берілді.
Мектеп-интернат жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жұмыс жасайды. Оқу үдерісі қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жаратылыстану-математикалық пәндер (физика, химия, биология, информатика, математика) ағылшын тілінде оқытылады.

Галерея