Педконсиллиум

🔹️Лицейіміздің белсенді ата-аналарымен лицей жұмысының тоқсандық есебін беру мақсатында лицейіміздің директоры Еркін Турлыбеков кездесу өткізді.
🔹️Кездесу кезінде тоқсан барысында атқарылған іс-шаралар мен жасалған жұмыстар таныстырылды. Сонымен қатар ата-аналардың көкейінде жүрген сұрақтарына да жауап берді.

"World scholar’s cup"

Лицейіміздің білім алушылары халықаралық "World scholar’s cup" жарысына қатысып жүлделі орындарды иеленді.
1)Жандос Тулеген - 4🥇алтын, 2🥈күміс
2)Нурадил Даиров - 3🥇 алтын, 3🥈 күміс
3)Бағдат Ермахамбет - 2🥇 алтын, 3🥈 күміс
4)Алинұр Оңласын - 2🥇 алтын ,1🥈 күміс
5)Ислам Ибрагим - 7🥇 алтын, 1🥈 күміс, 1🏆 кубок
6)Жомарт Жексенбай - 4🥇 алтын, 1🥈 күміс, 1🏆 кубок
7)Охасов Әбілмансұр - 2🥇алтын, 2 күміс, 2🏆 кубок
8)Аужанов Амир - 1🥇 алтын, 1🥈 күміс
9)Анес Пахридин - 7🥇 алтын, 3🥈күміс, 1🏆 кубок
10)Шерхан - 3🥇 алтын, 4🥈 күміс
11)Нурислам Нұранұлы - 4🥇 алтын, 1🥈 күміс
12)Ордахан Мансур - 3🥈 күміс
13)Жангелды Бакдаулет - 3🥇 алтын, 2🥈 күміс
14)Әуезхан Алихан - 1🥇 алтын, 1🥈 күміс
15)Мансур Бағдатұлы - 2🥇 алтын, 1🥈 күміс
16)Нурали Қалдыбай - 1🥇 алтын, 2🥈 күміс

Білім алушыларымызда жеңістерімен құттықтаймыз! Бағындырар белестерің көп болсын!

"Zhambyl marathon"

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен "Zhambyl marathon" @zhambyl.marathon ұйымының ұйымдастыруымен өткен қалалық марафонға лицейіміздің директоры Е.Б.Турлыбеков @yerkinturlybek қатысып, салауатты өмір салтын сақтаудың үлгісін көрсетті.
@zhambyldaryny @zhambyl_bilim @bil.edu.kz

#zhambylmarathon2023 #tarazrun #salauattyomirsalty

Асқақ арманды ақын

Дарынды ер балаларға арналған
мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының кітапханасының ұйымдастыруымен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған «Асқақ арманды ақын» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында ақынның өлеңдерін оқыту сағаты өтті.

Эмоциональный интеллект тренингi

7-11 сынып білім алушыларына өткізіліп жатқан EQ (эмоциональный интеллект) тренингi
Тренинг мақсаты: балалардың бойындағы эмоционалдық интеллектті дамыту, сезімдер мен эмоцияларды тануды үйрету, эмпатияны қалыптастыру.
Тренингті өткізген лицей-интернат педагог-психологы Райф Ришат.

Халықаралық математика олимпиадасының жеңімпазы

Лицей-интернатымыздың мақтанышы, математика пәнінен (IMO) халықаралық математика олимпиадасының жеңімпазы Шарел Марғұлан.

✨️Дарынды білім алушымыздың шығар шыңдары, алар асулары көп болсын деп тілейміз!

Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары

Бүгін лицейімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Жолдауын түсіндіру бойынша жиын ұйымдастырылды.
Жиынға лицей-интернат директоры Е.Турлыбеков пен орынбасарлары және лицей-интернат мұғалімдері қатысты.

«The Planet of ART 2023»

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы 2023 жылдың 1 мамыр күні (09.00-18.00) аралығында Тараз қаласында, Жамбыл облысындағы қатысушыларға арналған «The Planet of ART 2023» Халықаралық фестивалі музыкалық циклінің іріктеу кезеңін Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының базасында өткізеді (Сүлейменов көшесі, 19).

«Жарқын болашақ»

«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
✅ Олимпиада мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау және оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
Олимпиадаға 180 оқушы қатысып, жүлдегерлер облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар алғыс хатпен марапатталды.
“Әнші-бұлбұлдар” байқауы бойынша лицейіміздің 11-сынып оқушысы Молдахан Ілияс, “Білгірлер бәйгесі” байқауы бойынша 9-сынып оқушысы Әшімжан Нұрислам, “Жас қаламгер” байқауы бойынша 10-сынып оқушысы Балтабай Әділет облыстық кезеңнен 1-орын иеленіп, олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне өткен жүлдегерлерге сәттілік пен жеңіс тілейміз.

«Ғылымға жол – болашаққа нық қадам»

«Ғылым таппай мақтанба...» – деп, жас ұрпақты ғылымға жетелеген Ұлы Абай ұстанымы бүгін де маңызын жойған жоқ.
12 сәуір – ғылым күніне орай дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернда жас ғалымдар мен олардың жетекшілерінің, облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскерлерінің қатысуымен «Ғылымға жол – болашаққа нық қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Ұлттық ғылымның заманауи және тиімді жүйесі туралы мәселелерді талқылау және ғылыми жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар мен білім алушылар арасында білім, тәжірибе алмастыру.
Іс-шара барысында:
-республикалық «Педагогикалық идеялар» байқауының ІІ орын жүлдегері, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қасқарбекова Дарина Батырбекқызы жоба негізінде білім беру әдісінің тиімділігі мен мүкіндіктері туралы өз тәжірибесімен бөлісті;
-халықаралық «INFOMATRIX» ғылыми жоба жарысының қола медаль иегері 11-сынып білім алушысы Аманбай Ерасылдың «Polymino on checkered surfaces» тақырыбындағы ғылыми жобасының өзектілігі мен қол өмірмен байланысы туралы мәлімдей отырып, ғылым елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытушы маңызды сала екенін баса айтты;
-робототехника бойынша «КЕГЕЛЬРИНГ» санаты бойынша облыстық жарыстың І орын иегерлері 8-сынып білім алушылары Салимов Амиржан мен Сәткен Диас заманауи ғылым жүйесі арқылы жетістікке жеткендері туралы ойларын ортаға салды;
-барлық қатысушылар тақырыптар талқыланған соң өз пікірлерін білдіріп, ХХІ ғасыр талаптарына сай білім мазмұнын қамту арқылы, ұзақ мерзімде жүргізілетін проблемалық сұрақ негізінде зерттеу жұмысына көбірек көңіл бөлетіндері туралы шешім қабылдағандарын айтты.

“Өркениет пен ізгілік бастауы – Білімде”

Қазіргі жаһандану дәуірінде білімдегі озық жаңа инновациялармен, білім берудің заманауи үрдісіндегі жаңалықтармен бөлісу мақсатында Жамбыл облысындағы қалалық, аудандық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының 5, 6-сынып білім алушыларына арналған “Өркениет пен ізгілік бастауы – Білімде” атты «БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» көрмесі ұйымдастырылды.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларының қолдауымен өткен көрмеге қызығып келгендердің саны 3000-ға жетті.
Келген білім алушылардың, олардың ата-аналары мен жетекшілерінің оң пікірінен көрменің жоғары деңгейде өткені көрініп, ұйымдастырушылар өз мақсаттарына жеткені айқын болды.

"ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР" республикалық конкурсы

2023 жылдың 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында педагогтердің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР" республикалық конкурсы өтті. Конкурсқа еліміздің өңірлерінен қатысқан 250 педагогтің арасынан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қасқарбекова Дарина ІІ орынды иеленсе, биология пәнінің мұғалімі Анарбаев Самат пен педагог-психолог Райф Ришат алғыс хатпен марапатталды.
Шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз, жеңімпаз әріптестер!!!

М.Мақатаев оқулары

"М.Мақатаев оқулары" шығармашылық байқауының облыстық кезеңінен - БАС ЖҮЛДЕ!

Лицейіміздің 8 «А» сынып білім алушысы Қанат Нұрғанат байқаудың «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» атты өз шығармасын жатқа айту бағыты бойынша бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық кезең ақиық ақынның туған өлкесінде өтеді.

Байқауда жеңімпаздың өлеңінің көркемдігі, тақырыпты аша алуы, мазмұны, оқу мәнері ескерілді.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірттеріміз Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен “алтын“, “күміс“, “қола” медаль иегерлері атанды.Оқушыларымыздың республикалық кезеңнен өтіп халықаралық белестерді бағындыратынына сенеміз.